19 қазан 2020 09:31

Алматы полициясы қазақстандық дизайнердің өліміне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Instagram/h1rosima Фото: Instagram/h1rosima

Алматы полиция департаменті қазақстандық дизайнер Сәбит Bisen-нің өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы полиция департаменті қазақстандық дизайнер Сәбит Bisen-нің өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, оларға 18 қазанда түнгі уақытта қоңырау келіп түскен.

"102" пультіне қоңырау шалған адамның айтуынша, үйдің ауласында белгісіз ер адамдар бастапқыда дауласып, артынша төбелескен. Нәтижесінде олардың біреуі құлап, екіншісі қылмыс орнынан жасырынуға асыққан. Келген кезде дәрігерлер тобы адамның өлімін анықтады. Оның аты-жөні бірден анықталды - 1989 жылғы Б есімді ер адам", - деді полиция департаментіндегілер.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен 1991 жылғы ер адам ұсталды. Полиция мәліметінше, ер адам қылмыс жасағанын мойындады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл деректі Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі ("Кісі өлтіру") бойынша тергеп жатыр. Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ! H I R O (@h1rosima)

Еске салайық, кеше, 18 қазанда қазақстандық дизайнер Сәбит Сыраханның қайтыс болғаны хабарланған болатын. Айта кетейік, Сәбит Сырахан - танымал streetwear-брендінің дизайнері. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети