20 тамыз 2014 | 11:56

Алматы іргесінде қыз зорлағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vesti.kz ©vesti.kz

Алматы түбінде топ болып қыз зорлауға күдіктілер ұсталды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет айтты. Бұл оқиға 26 шілде күні Іле ауданында болған еді.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы түбінде топ болып қыз зорлауға күдіктілер ұсталды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет айтты. Бұл оқиға 26 шілде күні Іле ауданында болған еді.

"Алдымен бір тәулік бұрын күдіктілердің бірі - Іле ауданының 1994 жылы туған тұрғыны ұсталды. Сәл кейінірек екінші күдікті ұсталды. Күдіктілердің екеуін де жәбірленуші таныды, олар кінәлерін мойындап, жауап берді. Сараптама зорлау дерегін растады", - деп хабарлады Нұрахмет. 

Еске сала кетейік, бір қызды екі жігіт ойын-сауық орталықтарының бірінің маңында зорлап кеткен еді. Күдіктілер бірден ізін жасырған. Құқық қорғау органы қызметкерлерінің мәліметінше, қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі - "Алдын ала сөз байласу арқылы немесе ұйымдасқан топ болып қыз зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап сегіз жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Қылмыстық іс жуық арада сотқа жолданады.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети