Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Алматы түбінде үш жігіт бір қызды зорлап кетті

29 Шілде 2014, 18:37
3
©Kp.ru
©Kp.ru

Алматы облысында бір қызды топ болып зорлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл оқиға 26 шілде күні Іле ауданындағы ойын-сауық орталықтарының бірінде болған. Үш ер адам жас қызды зорлап кетті. Баспасөз қызметі оқиға болған жерді нақтылаған жоқ. Құқық қорғау органы қызметкерлерінің ақпаратына қарағанда, бұл іске қатысы бар 20 жастағы азамат ұсталып, қамауға алынды. Тағы екі күдікті іздестіріліп жатыр. Қыз зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Еске салайық, шілденің басында Ақтөбеде топ болып қыз зорлау дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істердің бірі аяқталған еді. 20 жастағы қызды зорлаған бес жігіт үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Қыз өзімен жасты жігітпен Интернет арқылы танысқан. Кездесу барысында жігіт қызды досын туған күнімен құттықтап шығуға шақырады. Пәтерге кірген кезде қыз 20-39 жас аралығындағы алты ер азаматты көреді. Арасында 16 жастағы жасөспірім де болған. Кейін қыздың туған күн иесіне "сыйлық" болғаны анықталды. Алты жігіт қызды бірнеше сағат бойы зорлаған. Айта кетейік, зорланғанға дейін қыз пәк болған.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай