1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматы тауларында әйел өлі табылды 23 ақпан 2021, 15:07

Алматы тауларында әйел өлі табылды. Ақпарат бастапқыда әлеуметтік желілерде пайда болды. Кейін Алматы полиция департаменті мәлімет берді, -
Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Алматы тауларында әйел өлі табылды. Ақпарат бастапқыда әлеуметтік желілерде пайда болды. Кейін Алматы полиция департаменті мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тауларында мәйіт табылғаны туралы ақпарат желіде пайда болды. Kris.p.almaty Telegram-арнасы өз оқырмандарының бірі таңғы жаттығу кезінде белгісіз әйелдің денесін байқап қалғанын жариялады.

"Ол бірден 102 нөміріне қоңырау шалған. Оқиға орнында полиция мен дәрігерлер жұмыс жүргізіп жатыр", - делінген Telegram-арнасындағы жазба сипаттамасында.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметі 23 ақпанда Медеу ауданының таулы аймағынан белгісіз әйелдің мәйіті табылғанын хабарлады.

"40-45 жастағы белгісіз әйелдің денесі табылды. Жеке басы туралы деректер анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Алматы ПД өкілдері.

Бұған дейін, 2020 жылғы 31 мамырда Алматы тауларында жоғалған турист Әсел Панарғалиеваның денесі табылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!