Алматыда 11 жастағы бала жоғалып кетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда 19 қаңтарда із-түссіз жоғалып кеткен 11 жастағы бала іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне баланың әпкесі Гүлмира Өмірбекова хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 19 қаңтарда із-түссіз жоғалып кеткен 11 жастағы бала іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне баланың әпкесі Гүлмира Өмірбекова хабарлады.

Азаматұлы Өркен түсте сабақтан қайтып келе жатқан уақытта жоғалып кеткен. Соңғы рет оны сыныптастары көрген екен. Олардың айтуынша, Өркен сағат 13.30 бен 14.00 аралығында сабақтан шығып, Шевченко мен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы аялдамада тұрған. Кейіннен ол № 135 автобусқа мініп, үй жағына қарай кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген.

Өркеннің үстінде қызыл түсті күртке, мектеп формасы және қара көк түсті сөмкесі болған. Бойы - 138-140 сантиметр.

Баланың жоғалып кеткені жайлы Алматы аудандық ІІБ-не сол күні-ақ хабарланған. Өркенді іздестіру жұмыстарына полицейлер мен туыстары қатысып жатыр.

Өркен жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлерге хабарласударыңызды сұрайды:  +7 702 232 2120 (Гүлмира, Өркеннің әпкесі) және  +7 707 658 9183 (Бағдагүл, әжесі).

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro