06 ақпан 2023 12:34

Алматыда 11 жастағы қыздың асқазанынан бір келі шаш алынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда дәрігерлер шұғыл ота кезінде 11 жастағы қыздың асқазанынан бір келі шаш алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда дәрігерлер шұғыл ота кезінде 11 жастағы қыздың асқазанынан бір келі шаш алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жасөспірім шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

"Баланы бір апта бойы іш ауруы, құсу, тәбетінің болмауы, жалпы әлсіздік мазалаған. Ауруханаға жатқызар алдында қыз асқазан-ішек жолдарының бұзылуына байланысты амбулаторлық ем алды", - дейді Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының іріңді және кеуде хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.

Ультрадыбыстық зерттеу көмегімен дәрігерлер асқазан көп мөлшерде эхо-теріс түзілімге толып қалғанын білген. Асқазанда көптеген гетероген бөлшектер, шаш өрімі және шырыштан тұратын лас қара түсті бөгде дене анықталған.

"Асқазан қуысында үлкен көлемдегі тығыз түзіліс табылды және жойылды: салмағы 1 келі бөгде дене (трихобезоар)", - деді Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының балалар хирургі Сәуле Сүлейманова.

Дәрігерлер шаштың бұлай жиналуы басынан, қасынан және кірпіктерінен шашты жұлып, жұтуға патологиялық бейімділігі бар қыздарда кездесетінін атап өтті - триотилломания. Бұл ауру көбінесе обсессив неврозы бар балаларға, девиантты мінез-құлқы бар балаларға әсер етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети