30 қаңтар 2016 18:39

Алматыда 11 оқушы уланып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы ауруханасына 11 оқушы улану белгісімен түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Алматы ауруханасына 11 оқушы улану белгісімен түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"112" пультіне 30 қаңтар күні сағат 13.30-да №129 орта мектепте оқитындардың бұрышталған аэрозольді спрейден уланғандары туралы хабарлама келіп түседі.

"Оқиға болған жерге Жетісу аудандық ТЖБ қызметкерлері, ІІБ қызметкерлері жіберілген. Сол жерден бұрышты спрейден 13 адамның уланғаны, оның 11-і балалар екені туралы ақпарат түсті", - делінген хабарламада.

Оқушылардың бірінің жан сақтау бөлімінде жатқаны хабарланды. Қалғандарына "орташа ауыр" деген баға берілді. Олар да №1 ауруханаға жеткізілді. Қазір медициналық орталықта тоғыз бала жатыр, қалғандары үйлеріне қайтарылды.

Алматы ІІД жергілікті полицейлердің мәліметінше, баллонды осы мектептің 8-сынып оқушысы шашқан. Тергеу амалдары басталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети