07 тамыз 2019 13:22

Алматыда 19 жастағы жүкті келіншек осымен үшінші күн табылмай жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 19 жастағы жүкті келіншек жоғалып кеткен, ол осымен үшінші күн іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды inAlmaty.kz.


Алматыда 19 жастағы жүкті келіншек жоғалып кеткен, ол осымен үшінші күн іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды inAlmaty.kz.

Басылымның мәліметінше, ол колледжге аттестатын алып кету үшін кетіп, сол күйі оралмаған. 19 жастағы Дана Цейзер кондитер мамандығында оқыған. Жүктілігінің 6-аптасында екен.

"Сол күні біз телефонмен сөйлестік, бірде байланыс үзіліп кетті. Сол күйі қайта хабарласа алмадым, телефоны сөндірулі. Жолдасымен тұрады, ол барлығы дұрыс болатын дейді. Осылай жоқ болып кетуіне ненің себеп болғанын түсіне алмадық. Бұрындары қызым кешігетін болса, хабарласып, алдын ала ескертіп қоятын. Қандай таксиге отырғанын да айтатын", - дейді Дананың анасы Роза Шевченко.

Қызды іздестіру жұмыстарына полицейлер мен еріктілер қосылды. 19 жастағы қыз сол күні ақ жейде, шолақ шалбар, көк түсті слипонмен болған. Дана жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден 8 705 806 5252 (Дананың анасы) нөміріне хабарласуды сұраймыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети