26 тамыз 2015 08:37

Алматыда 36 адам астан ұшынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК кадры © КТК кадры

Алматыда 36 адам астан ұшынды. Қазіргі кезде бас-аяғы 36 адам ауруханада жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Алматыда 36 адам астан ұшынды. Қазіргі кезде бас-аяғы 36 адам ауруханада жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, бас ауырып, дене қызуы көтеріліп, іші ауырғандар жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Кейін олардың бірнешеуінің дөнер сататын бір нысанның асын ішкені анықталды. Салдарынан инфекциялық аурулар ауруханасында емделуге мәжбүр.

Ал санитарлық дәрігерлер тексеріс жүргізгеннен кейін кәсіпкердің сапасыз тағам сатқанымен қатар, тазалыққа да мән бермегені анықталды. Сондай-ақ аспаздардың медициналық кітапшалары да жоқ болып шыққан. Оларға қатысты хаттама толтырылып, іс сотқа жолданатын болды. Бірақ кәсіпкер осы сәтті пайдаланып, жөндеу жұмыстарын жүргізуді жөн көрген сыңайлы. Алматы қалалық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжапарова нысанның жұмыс істеп тұрмағанын айтады. "Объектінің қызметі тоқтатылды. Медициналық тексерістен өтпеген жұмысшыларды жұмыстан босату туралы қаулы шығарылды. Тексеру тек конкретный факт бойынша жүргізіледі", - деді Әбдіжапарова.

Дереккөз: КТК 

 
Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети