20 желтоқсан 2022 | 09:10

Алматыда 5 жыл бұрын резонанс тудырған жол апаты: іс қашан жабылғаны айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото patrul.kz Фото patrul.kz

Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы 2017 жылдың шілдесінде резонанс тудырған жол-көлік оқиғасы бойынша істің қашан жабылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы 2017 жылдың шілдесінде резонанс тудырған жол-көлік оқиғасы бойынша істің қашан жабылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакция сауалына аудан прокуратурасы 2017 жылғы 30 шілдеде сағат 02:10-да Алматы қаласы Әл-Фараби даңғылымен келе жатқан жүргізуші С.А. Сұлтанов жаяу жүргіншіні қағып кеткенін, ер адам сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, орташа дәрежедегі мас күйінде жолды дұрыс емес жерден кесіп өткенін хабарлады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды. Іс бойынша бірқатар сот-медициналық сараптамалар жүргізіліп, қорытындысы бойынша жүргізушінің жаяу жүргіншімен соқтығысудың алдын алуға техникалық мүмкіндігі болмаған.

"2018 жылдың 8 тамызында Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты соталды тергеп-тексеру тоқтатылып, қылмыстық іс ҚР БП ҚСАЕАЖКБ мұрағатына тапсырылды. 2017 жылғы 26 желтоқсанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты С.А. Сұлтановты үш жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартты", - делінген прокуратура жауабында.

Еске салайық, 2017 жылдың 30 шілдесінде Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болды. Mercedes S-class көлігінің 19 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні - коммуналдық қызмет қызметкерін қағып кетті. Соққыдан ер адам бөлініп кеткен. Марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды. Қымбат көлік жүргізушісі жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін полиция оның кім екенін анықтап, ер адам қамауға алынды.

ІІМ Алматыда 5 жыл бұрын резонанс тудырған жол апаты қорытындысын жариялады

2017 жылдың желтоқсанында Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы іс екі рет тоқтатылып, кейін қайта басталғанын хабарлады. ІІМ қылмыстық іс Mercedes-Benz маркалы көлік жүргізушісінің жаяу жүргіншіге дейін көлікті шұғыл тежеу арқылы соқтығысудың алдын алуға техникалық мүмкіндігі болмауына байланысты тоқтатылғанын түсіндірді. 2017 жылғы 26 желтоқсанда Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Mercedes жүргізушісін үш жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы қаулы шығарды.

2018 жылдың шілдесінде Ішкі істер министрлігі бұл іс әлі де тергеуде екенін хабарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети