27 қараша күні кешкісін Алматыда алты автокөлікке зақым келтірген ірі жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
27 қараша күні кешкісін Алматыда алты автокөлікке зақым келтірген ірі жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Lexus және Nissan көліктері Шығыс айналма автокөлік жолымен (ШААЖ) шығыс бағытта қатты жылдамдықпен келе жатқан. Әзірше белгісіз себептермен Lexus Nissan-ды соққан. Бұдан Nissan оң жаққа қарай ұшып кетеді, ал Lexus сол жақта қоршауға ұрынды. Алматыдағы жол-көлік оқиғасы кезінде қоршаудың сынықтары мен оған соғылған көліктің бөлшектері қарама-қарсы бағытқа ұшты. Бұл кезде батыс бағытта Kia, Lada, Audi және Nissan Sunny автокөліктері келе жатты.
Қарама-қарсы бағытта келе жатқан көліктердің алдыңғы әйнектері мен дөңгелектеріне зақым келді. Audi көлігі жүргізушісінің айтуынша, Lexus-те жүргізуші мен оның жолаушысы болды, оқиғадан кейін жарақат алғанына қарамастан, олар бұл жерден қашып кеткен. Зардап шеккендердің бәріне алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді. Nissan жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Полицейлер жол-көлік оқиғасы орнынан ізін жасырғандарды іздестіріп жатыр.
Еске сала кетейік, 25 қараша - Алматыда қалың қар жауған күні бір тәулік ішінде 122 жол-көлік оқиғасы болған еді. Полицияның мәліметінше, ауа райының салдарынан, негізінен, ұсақ жол-көлік оқиғалары тіркелген.