26 қараша 2014 11:33

Алматыда қар жауған алғашқы тәулікте 122 жол-көлік оқиғасы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Жауған қарға байланысты Алматыда бір тәулікте 122 жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.


Жауған қарға байланысты Алматыда бір тәулікте 122 жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.

Полиция мәліметінше, Алматыда қардың жаууынан, негізінен, ұсақ жол апаттары болды. Алматыда сейсенбіге қараған түні, 25 қарашада жаңбыр жауған еді, одан кейін күні бойы қар жауды. Әзірбек жыл сайын қыстың алғашқы күні немесе қардың алғаш жауған күні көптеген жол апатының болуы әдепкі жайт екенін айтты. Мәселен, 2013 жылдың қараша айының соңында қар жауған күні Алматыда 176 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

"Алматыдағы жол-көлік оқиғаларының көбі көліктердің қысқы дөңгелекке ауысып үлгермегенінен болды. Полиция жүргізушілерді көлікті пайдалануға аса мән беруге, уақытынан бұрын қысқы дөңгелекке ауыстырып, жолда абай болуға шақырады", - деді Әзірбек.

Еске сала кетейік, метеорологтардың мәліметінше, 2013-2014 жылдарға қарағанда алдағы қыс салыстырмалы түрде суығырақ болады. Алдын ала болжам бойынша, алдағы қыс аумалы-төкпелі болады, суық күндер қалың қар мен жауын шашынға өзгеріп отырады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети