Алматыда Esentai Mall, "Нұрлы-Тау" және кафеде жарылғыш заттың бар-жоғы тексерілді

19 Ақпан, 13:10
0
Алматыда Esentai Mall, "Нұрлы-Тау" және кафеде жарылғыш заттың бар-жоғы тексерілді - © видеодан алынған кадр
© видеодан алынған кадр

Алматыда белгісіз қаскөйлер бірнеше ғимаратта "жарылғыш зат" қойғандарын мәлімдеген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішсі полция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 ақпанда жедел шұғыл әрекет ету өкілдеріне Esentai Mall сауда орталығына, "Нұрлы-Тау" ғимаратында орналасқан пиццерияға және Ciao pizza дәмханасына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түскен.

"Комиссиялық тексеріс әр ғимаратта 30 минутқа созылды. Жалған ақпарат таралған. Аталған ғимараттарда жарылғыш зат табылмады", - деді ведомствоның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, 2015 жылдың қаңтарынан бастап террористік әрекеттен тұратын жалған ақпарат үшін жауапкершілік ауырлағанын айтты. Осыған дейін бұл заңбұзушылық үшін бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілетін, ал қазргі уақытта алты жылға дейін.

"Адамдар бұл іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін білуі керек. Бұл істі бала жасаса да ата-анасы жауапқа тартылады. Мысалы, көктемде бұл істі психикасы бұзылған адамдар жасайды. Бірақ, көп жағдайда бұл іс-әрекетті адамдар мас күйінде жасайды. Сондықтан бұл жағдайда ойнауға болмайды, себебі қалалық қауіпсіздік органдарының көп күші мен ресурстары жұмсалады. Аталған ғимараттардың жұмысы тоқтатылады" - деді Салтанат Әзірбек.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай