Алматыда бір автокөлік жолдан ұшып кетіп, ағашқа соғылды, оның жүргізушісі ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда бір автокөлік жолдан ұшып кетіп, ағашқа соғылды, оның жүргізушісі ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Оқиға 14 қаңтарға қараған түні болды. Алматы-1 ауданындағы Лавренев көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан Mazda автокөлігінің жүргізушісі Наманган көшесіне жақын маңда беймәлім себеппен рульге ие бола алмай қалады да, жолдан жыраға қарай ұшып кетіп, ағашқа соғылды. Жүргізуші сол мезетте жол-көлік оқиғасының себебін түсіндіре алатын халде болған жоқ, ол есінен танып қалған, ал көлікте болған жолаушылар дін аман. Дәрігерлер жүргізушіні ауруханаға жатқызды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда Mercedes автокөлігінің бағанаға соғылып, ондағы алты адамның зардап шеккені хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасы 11 қаңтарға қараған түні Достық даңғылының Оспанов көшесіне жақын тұсында болды. Куәгерлердің айтуынша, даңғылмен оңтүстік бағытта қозғалған Mercedes автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, бағанаға соғылды. Көліктегі алты адам ауруханаға жеткізілді. Полицейлер Mercedes жүргізушісінің мас болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.