Нөсерлеп жауған жаңбырдан Алматы көшелері суға толып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқырмандар Tengrinews.kz редакциясына мегаполистің қозғалысы көп көшелеріндегі су басып қалған аумақтардың суреттері мен видеоларын жолдап жатыр. Әл-Фараби, Абай және Достық даңғылдарындағы көліктердің су астында қалғаны хабарланды. Осыған байланысты қаланың кейбір бөлігінде кептелістер пайда болды.

Куәгерлердің айтуынша, кейбір көліктер жол бойында тұрып қалып жатыр.
"16 маусымда Алматы қалалық ТЖД-ның "112" пультіне су басқаны жайлы шамамен жүз елуден аса хабар келіп түсті. Олардың ішінде 25 жағдайы расталды, себебі абоненттер бір мекен-жайға бірнеше мәрте шақырту жасаған. Әсіресе Алатау ауданынан телефон соғатындар көп. Су басқан жерлерде Алматы ТЖД, аудандық әкімдіктер, Алматы Құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда толассыз жауынның салдарынан Жароков көшесі мен Абай даңғылының қиылысында орналасқан "Алатау" метро станциясын су басқаны хабарланған болатын. "Метрополитен" директорының көмекшісі Ажар Хабиеваның айтуынша, су метро станциясына Жароков көшесі жақтан келе бастаған.
Осыдан кейін толассыз жауған жауынның салдарынан Алматыда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған "Алғабас-6" ықшамауданындағы Момышұлы-Ақын сара көшесінде орналасқан бес қабатты үй су астында қалды. №1/19 үйінің тұрғындар су астында қалған пәтерлерінің суреттері мен видеоларын Tengrinews.kz тілшісіне жолдады.