23 қазан 2018 12:48

Алматыда әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген 19 жастағы жігіт ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 19 жастағы жігіт әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бұл әрекетімен әлеуметтік желілерде мақтанған.


Алматыда 19 жастағы жігіт әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бұл әрекетімен әлеуметтік желілерде мақтанған.

Әкімшілік полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Жандос Мұраталиевтің айтуынша, ол Mercedes көлігімен жүрген. Оның аты-жөні Қуаныш Әкім екені және оның Шымкенттен екені анықталды. Оған қатысты жеті хаттама толтырылып, қылмыстық іс қозғалды.

"Оның әрекетінде 7 ереже бұзушылық анықталды: қарсы жолаққа шығып кеткен, мемлекеттік нөмірсіз жүрген, телефон қолданған, белгі тұрған жолақтарда ереже бүзған, бұрылыс көрсеткішін қоспаған, жүргізуші куәлігінсіз болған және апатты жағдай орнатқан. Екі хаттамаға сәйкес, ол жүргізуші куәлігінен айырылады, ал қалған хаттамалар бойынша айыппұл төлеуге міндеттеледі", - деп хабарлады Мұраталиев.

Бұдан бөлек, полициядағылар 19 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтып өтті. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

ІІД өкілдері әлеуметтік желілердің бақылауда екенін ескертті.

 Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Семья Kris P Brothers Almaty (@kris_p_brothers)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети