20 ақпан 2024 10:06

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ polisia.kz ©️ polisia.kz

Алматылық арзан бағада телефон сатамын деп тұрғындарды сан соқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматылық арзан бағада телефон сатамын деп тұрғындарды сан соқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алаяқтық жасады деген күдікпен 30 жастағы О. есімді азамат ұсталды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол iPhone 15 моделдегі телефонын нарық бағасынан төмен бағаға сатып алуды ұсынған. Бірақ тауар үшін ақша алғаннан кейін ол жасырынып, түскен ақшаны өз қалауы бойынша пайдаланған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Оның кем дегенде 3 алаяқтық ісіне қатысы бар екені анықталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Алданған адамдардың көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Сондықтан О. есімді азаматтың әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефондарға хабарласуға шақырамыз: 8-701-233-47-90; 8-747-700-00-72 және 8-778-677-67-65", – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Қазақстан ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети