21 қыркүйек 2022 10:46

Алматыда апат салдарынан бірнеше аудан сусыз қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Талғардағы су таратқыштағы апат салдарынан Алматының бірнеше ауданы сусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Талғардағы су таратқыштағы апат салдарынан Алматының бірнеше ауданы сусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, 21 қыркүйекте Атырау шағынауданы аумағындағы Талғар су таратқыштың 1-тармағында апатты жағдай болып, су ағып, диаметрі 1400 миллиметр жер асты құбыры зақымдалған. Қазір су таратқыш сумен жабдықтау жүйесінен ажыратылған. Талғар су таратқыштары  диаметрі 1200-1400 миллиметр болатын төрт жіптен тұрады, сонау 60-жылдары пайдалануға берілген және Талғар су қабылдағышындағы ұңғымалардан өндірілетін суды тасымалдауға арналған. 1-жіп 1967 жылы пайдалануға берілген.

"Судың ағып кетуі салдарынан 1 жекеменшік үйдің ауласын су басып қалған, апат болған жердегі суды өзенге бұру жүзеге асырылады.

Апатты қызметтер абоненттерді апатты су таратқыштан басқа су таратқыштарға ауыстыру арқылы сумен жабдықтау сызбасын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде суды өшіру аймағы барынша қысқартылды", - делінген хабарламада.

Апатты жағдай жойылғанға дейін 21 қыркүйек сағат 8:45-тен бастап мына мекенжайлар бойынша орналасқан ғимараттар мен тұрғын үйлерге су беру тоқтатылды:

  • Медеу ауданы - Атырау шағынауданы, 9 екі қабатты үй, 20 ЖТҚ, Атырау қазандығы;
  • Түрксіб ауданы, Айша-бибі шағын ауданы, Волочаевская көшесі, 200 ЖТҚ, 5.

ЖЭО-ға және басқа абоненттерге су беру штаттық режимде жүргізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети