Алматыда әскери ЖОО-да курсант қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әскери ЖОО-да курсант қаза тапты © Тұрар Қазанғапов

Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты қаза тапты. Жігіттің денесі оқу орнынының аумағынан табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты қаза тапты. Жігіттің денесі оқу орнынының аумағынан табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрлық әскерлері Әскери институты курсантының қаза болуы дерегі бойынша ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - делінген редакцияның ресми сұрауына берілген жауапта.

Оқиғаның мән-жайы айтылмайды. 

Алайда, Tengrinews.kz сенімді дереккөздерден алған мәліметінше, осы институттың екі курсанты 19 жастағы жігіттің денесін тапқан - екінші курста оқитын жігіттің денесі институт аумағында асылып тұрған жерінен табылған. Оқиға 2019 жылы 23 желтоқсанда болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети