13 ақпан 2020 17:56

Алматыда әскери ЖОО-да курсант қаза тапты: күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институты курсантының өліміне қатысы бар күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сот баспасөз қызметінің өкілдері. 


Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институты курсантының өліміне қатысы бар күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сот баспасөз қызметінің өкілдері. 

5 ақпанда тергеу сотының үкімімен күдікті екі айға қамауға алынды. 

"Осы дерекке қатысты оған ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабы 2-бөлігі ("ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті асыра пайдалану") бойынша айып тағылған", - деді Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі өкілдері. 

Tengrinews.kz редакциясы сенімді дереккөзге сілтеме жасап, күдіктінің - Құрлық әскері Әскери институтының курсанты екенін және қаза тапқан курсанттың взводында сержант болғанын анықтады.

Айта кетейік, Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты қаза тапты. Жігіттің денесі оқу орнынының аумағынан табылған. "Құрлық әскерлері Әскери институты курсантының қаза болуы дерегі бойынша ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - делінген редакцияның ресми сұрауына берілген жауапта. Оқиғаның мән-жайы айтылмайды. 

Осы институттың екі курсанты 19 жастағы жігіттің денесін тапқан - екінші курста оқитын жігіттің денесі институт аумағында асылып тұрған жерінен табылған. Оқиға 2019 жылы 23 желтоқсанда болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети