Алматыда ауладағы жаттығу құрылғысы баланың үстіне құлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ауладағы жаттығу құрылғысы баланың үстіне құлаған Видео кадрларынан

Алматы тұрғыны аулада темірден жасалған жаттығу құрылғысы жеті жастағы қызының үстіне құлағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны аулада темірден жасалған жаттығу құрылғысы жеті жастағы қызының үстіне құлағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл кеше түстен кейін Медеу ауданындағы "Думан-2" тұрғын үй кешенінің ауласында болды. Біз осында тұрамыз. Әйелім қызыммен серуендеп жүрді. Қызым жаттығу құрылғысына жақындаған, оған отырмаған, тек бүйірдегі тұтқасынан ұстаған. Сол кезде оған құрылғы құлай бастаған. Құлаған кезде басына тиіп кетті. Бақытымызға орай, соққы тікелей болмады, тек жұмсақ тіндері жарақаттанған. Жедел жәрдем дәрігерлері суретке түсіріп, басы жарылмағанын тексеруге кеңес берді. Бүгін біз тексеруге барамыз", - деді алматылық Леонид Радыгин.

Оның айтуынша, сынған құрылғының биіктігі екі метр және ол ересектерге арналған.

Ер адам полиция мен әкімдікке арыз жазған. 

"Жаттығу құрылғыларын биыл орнатты. Жыл басында монтаждау жұмыстарын жүргізді. Алаң пайдалануға жарамсыз деген сигнал ленталар болған жоқ. Құрылғыларға ешқандай шағым жоқ, бірақ оларды бекіту тәсілі біздің аудан тұрғындары мен қонақтарына нақты қауіп төндіреді", - деді ер адам.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі қала тұрғынынан арыз түскенін растады. 

"Мұндай дерек бар. Оны Медеу аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр. Қазір ол жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің өндірісінде. Мән-жайлар егжей-тегжейлі зерделенеді, нәтижесінде заңға сәйкес шаралар қолданылады", - деді департаменттің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети