12 қазан 2020 14:11

Алматыда жаттығу құрылғысы баланың үстіне құлаған. Тұрғын үй кешенін салушы оқиғаға пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрларынан Видео кадрларынан

Алматыдағы "Меркур Грант" тұрғын үй кешенін салушы көшеде балаға құлап кеткен жаттығу құрылғысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы "Меркур Грант" тұрғын үй кешенін салушы көшеде балаға құлап кеткен жаттығу құрылғысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұның алдында Алматы тұрғыны аулада темірден жасалған жаттығу құрылғысы жеті жастағы қызының үстіне құлағанын айтқан болатын.

"Бұл құрылғыларға бізде бір жыл кепілдік бар. Біз мердігерді шақырдық, кепілдік міндеттемелерге сәйкес барлық ақау жойылады. Жәбірленуші хабарласты. Оның шағымды жоқ, жалғыз талап - сапалы құрылғы орнату. Бұл орындалады", - деді KazCARier ЖШС директоры Ярослав Синюков.

Ол төтенше жағдайға құрылғының дұрыс пайдаланбауы себеп болғанын айтады.

Оның айтуынша, бұл жаттығу құрылғылары тұрғын үй кешенінің ауласына биыл ғана орнатылған. Осы іспен Медеу аудандық полиция басқармасының айналысып жатқаны айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети