Алматы полиция өкілдері автобус астына жатып алған мас ер адаммен болған оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы полиция өкілдері автобус астына жатып алған мас ер адаммен болған оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақпарат бойынша, 15 желтоқсанда сағат 14.02-де Алматы қаласы ПД ЖБО-ға 1966 жылғы А. өте мас күйде Сейфуллин даңғылында, Жансүгіров көшесінің солтүстігіне қарай қозғалып келе жатқан 73 бағыттағы автобустың астына кіріп, қоғамдық тәртіпті бұзуғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Сонымен қатар, полициядағылар ер адамның қандай да бір талап қоймағанын атап өтті.
"Патруль полициясы ер адамды Жетісу аудандық ІІД-не алып барды, онда ҚР ӘҚБК 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама жасалып, кейін ол қалалық наркологиялық диспансерге жеткізілді", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның автобус астына жатып алған видеосы жарияланған болатын. Кадрлардан оны екі полицей күшпен алып шыққанын көруге болады.