Алматыда ер адам автобус астына жатып алып, көлік қозғалысына кедергі келтірді 16 желтоқсан 2019, 09:14

Алматыда белгісіз ер адам автобус астына жатып алып, көлік қозғалысының тоқтауына себепші болды. Оқиға 15 желтоқсанда күндіз Сейфуллин даңғылындағы (Жансүгіров көшесінен төмен) аялдамалардың бірінде болды. Бұл туралы Instagram-дағы kris_p_almaty парақшасында жарияланған видео сипаттамасында жазылған.
Хабарламада ер адамның мас болғаны айтылған. Сырттай ол 40-45 жасқа көрінеді. Кадрлардан оны екі полицей автобус астынан күшпен алып шыққанын көруге болады.