26 тамыз 2017 14:34

Алматыда автобус жантүршігерлік жол апатына ұшырады: Mercedes тізгініндегі қыз қарсы жолаққа шығып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобус жантүршігерлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда автобус жантүршігерлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек жол апатының Достық даңғылының бойында болғанын айтты.

"№12 автобус Достық даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқанда алдынан Mercedes маркалы көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, жол апаты болды. Салдарынан Mercedes тізгінінде отырған қыз зардап шекті", - деді Салтанат Әзірбек.

Полициядағылар оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметіндегілердің барғанын айтты. 

"Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі Mercedes жүргізушісінің көше қиылысына келгенде көлік тізгінін басқара алмай, автобуспен соғысып қалғанын айтты. Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 10 адам зардап шеккен, олардың екеуі - балалар. Бір бала ауыр жағдайда жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети