05 наурыз 2024 11:33

Алматыда автобус жол апатына ұшырады: зардап шеккендер бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Иллюстрация©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көпірдің бетон тірегіне соғылды, жарақат алғандар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көпірдің бетон тірегіне соғылды, жарақат алғандар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Оқиға 5 наурызда сағат 6:45-те Сүйінбай даңғылы мен Шолохов көшесі қиылысында болған.

"Жеке тасымалдаушыға тиесілі қоғамдық көліктің жүргізушісі 1966 жылы туған азамат Д., Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып, Шолохов көшесімен бұрылыста рульді басқара алмай, көпірдің бетон тірегіне соғылған. Оқиға салдарынан төрт жолаушы жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді", - деп хабарлады полиция.

Оқиға бойынша Алматы ПД тергеу бөлімі соталды тергеуді бастап, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети