18 желтоқсан 2022 12:36

Алматыда автобус жүргізушісі 24 жастағы қызды қағып кеткен: полиция істің мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Көрнекі сурет

Алматыда автобус жүргізушісі 24 жастағы қызды қағып кетті. Оқиға автобустың соңғы аялдамасы, Жетісу базарына жақын жерде болған. Полиция істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда автобус жүргізушісі 24 жастағы қызды қағып кетті. Оқиға автобустың соңғы аялдамасы, Жетісу базарына жақын жерде болған. Полиция істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция өкілдері оқиға 14 желтоқсанда болғанын растады.

"Түрксіб ауданында FOTON маркалы автобусты Құлжа тасжолында оңтүстік бағытта келе жатқан. Ол оңға бұрылған сәтте жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан зардап шеккен 1998 жылы туған азаматша ауруханаға жеткізілді. Алған жарақат салдарынан ол ауруханада қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлімі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қажет сараптама тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін марқұм Лейла Саттарованың туысы оқиға қалай болғанын айтып, куәгерлерді іздейтінін айтқанын хабарлаған болатынбыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети