07 сәуір 2016 10:10

Алматыда автопарктің 70-ке жуық жүргізушісі жұмысқа шықпай қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шоқан Алхабаев © Шоқан Алхабаев

Алматыдағы №1 автопаркінің 70-ке жуық жүргізушісі жұмысқа шықпай қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айтуларынша, олар маршруттарға автопарк басшылығы жалақыны өсірмейінше шықпайды.


Алматыдағы №1 автопаркінің 70-ке жуық жүргізушісі жұмысқа шықпай қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айтуларынша, олар маршруттарға автопарк басшылығы жалақыны өсірмейінше шықпайды.

"Біздің автобус паркіміз муниципал болғанда мен 120 мың теңге айлық алатынмын. Бірақ осымен екінші ай тиын-тебен алып жүрміз. Өткен айда 26 мың теңге алдым, кейін жақсы болады деп уәде берген, жұмысты жалғастыра берсек, 100 мың теңге беретінін айтқан. Қазір маған 57 мың теңге жалақы берді. Олар біздің еңбегімізді бағаламай отыр ғой", - деді жүргізушілердің бірі. Автопарк жүргізушілері өткен екі айдағы жалақыны бермесе, жұмысқа шықпайтынын айтып отыр.

Айта кетейік, автопарк басшылығы БАҚ өкілдері келсе де шықпай қойды. Бірақ автопарк қызметкерлерінің айтуынша, тілшілер келгенше басшылар әңгімелесуге шығып, келесі айда жағдайдың түзелетінін айтыпты. Бірақ бұл айтқандары жүргізушілердің көңілінен шықпаған.

Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының жетекшісі Дәурен Әлімбеков қазіргі уақытта жағдайдың қарастырылып жатқанын хабарлады.

Еске салайық, қаңтар айында Алматының муниципал автопаркінің 70 пайыз үлесінің жеке компанияларға өтетіні хабарланған болатын. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек хабарлады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети