03 қыркүйек 2021 18:04

Алматыда автотұрақтан өрт шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қараусыз тұрған автотұрақтан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда қараусыз тұрған автотұрақтан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 3 қыркүйекте Бостандық ауданында өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сөндіру бригадалары шақырту түскен Рысқұлбеков 35 мекенжайына барған. Келгеннен кейін, бес минутта қараусыз қалған тұрақта құрғақ ағаштар мен ескі көліктер өртеніп жатқаны анықталды.

Өрт сөндіру қондырғылары енгізіліп, цистерналарға гидранттар орнатылған және сумен үздіксіз қамтамасыз етілгені айтылды. Сағат 17:28-де жалпы алаңы 40 шаршы метрді шарпыған өрт 30 минутта сөндірілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети