16 маусым 2017 | 16:39

Алматыда аяғы жұлынып кеткен қызға шұғыл ота жасалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан зардап шеккен қыздардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан зардап шеккен қыздардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауруханадағылар қыздардың бірінің аяғы жұлынып кеткенін растады. Қазір оған шұғыл түрде ота жасалып жатыр.

Оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы барды. Екі қыз да зардап түрлі жарақаттарымен қаладағы клиникалардың біріне жеткізілді.

"Бірінші науқас Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Қажетті мамандармен жедел түрде консилиум өткізілді. Консилиумның шешімімен науқасқа ота жасалатын болды. Зардап шеккен қыз ауруханаға түскенде 3-4 деңгейлі травматикалық шок алған. Жабық бассүйек ми жарақаты мен оң және сол балтыр сүйектерінің ортаңғы, төменгі бөліктерінің көпжарқыншақты ашық сынығын алған", - деді дәрігерлер.

Ал екінші қыз, дәрігерлердің айтуынша, №7 қалалық клиникалық ауруханаға жабық бассүйек ми жарақатымен жеткізілген. "Жедел түрде қажетті мамандармен консилиум өткізіліп, нәтижесінде науқас нейрохирургия бөліміне жатқызылды", - деді ауруханадағылар.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда болған жол апатынан қыздың екі аяғы жұлынып кеткені хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети