16 маусым 2017 14:26

Алматыда қорқынышты жол апаты болды: Қыздың екі аяғы жұлынып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда қорқынышты жол апаты болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда қорқынышты жол апаты болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. 

Honda көлігі ашық люкке түсіп кетіп, дөңгелегі жарылған. Бұл көліктің салонында екі қыз болған. Олар көлікті жол шетіне қойған кезде шеткі сол жақ жолақпен Toyota Camry келе жатқан. Көліктің жүргізушісі бұзылып тұрған автомобильді көріп, тоқтауды ойлаған. Алайда орта жолақта келе жатқан автобус оны соғып, Toyota Camry тоқтап тұрған Honda көлігін соққан. Осы уақытта екі көліктің ортасында қалып қойған екі қыз қысылып қалған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, бір қыздың екі аяғы да жұлынып кеткен. Екі қыз да ауыр жағдайда №12 ауруханаға жеткізілген. 

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.


© "Территория происшествий" бағдарламасы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети