1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда аялдамадан нәресте табылды 21 сәуір 2021, 11:17

Алматыда аялдамадан нәресте табылды. Тәртіп сақшылары нәрестенің анасын іздестіріп жатыр. Полиция өкілдері әйел баласын бұған дейін де бірнеше
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматыда аялдамадан нәресте табылды. Тәртіп сақшылары нәрестенің анасын іздестіріп жатыр. Полиция өкілдері әйел баласын бұған дейін де бірнеше рет тастап кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда табылған бала туралы ақпарат Instagram желісіндегі rozysk_kz парақшасында жарияланған. Жазбада бала шамамен екі жаста екені көрсетілген.

Алматы полиция департаментіндегілер 20 сәуірге қараған түні "Северное кольцо" көшесіндегі аялдамадан ер адам нәрестені тауып алғанын айтты.

"Ер адам түнде баланы үйіне алып кеткен. 20 сәуірде түстен кейін ол полицияға келіп, бала туралы хабарлады. Полиция қызметкерлері жедел медициналық көмек шақырды. Оны № 2 Балалар клиникалық ауруханасына тексеру үшін жеткізді. Қазір ол сол жерде. "Ана" дегеннен басқа ештеңе айтпайды және өз атын айта алмады", - деді Алматы ПД өкілдері.

Баласын тастап кеткен ананың жеке басы алдын ала анықталған. Полиция әйелдің тұрған жерін анықтап жатыр.

"Әйелдің екі баласы бар. Бұрын да полицияның назарына іліккен. Балалар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға ұсынылды, бірақ қорытынды жасамаған тәрізді. Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әйел баланы бірнеше рет тастап кеткенін айтты. Заңнамаға сәйкес қазір қайда екені анықталғаннан кейін шаралар қабылданады", - деді Алматы ПД өкілдері.

Бұған дейін Алматы облысы Жамбыл ауданындағы тасжолда бала табылған еді. Бала жол жиегінде тұрған. Тәртіп сақшылары Өзбекстаннан келген және шаруа қожалықтарының бірінде уақытша тұратын 44 жастағы анасының мекен жайын анықтаған. Тексеру материалдары бойынша, әйел баласымен бірге көрші шаруа қожалығына барып, бес жасар ұлын көлікте қалдырып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!