16 маусым 2018 12:56

Алматыда әйел жүргізуші жедел жәрдемнің алдына тұрып алып, өткізбей қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда жедел жәрдемнің жолына тұрып алған Honda көлігінің иесіне айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық ІІД-дің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда жедел жәрдемнің жолына тұрып алған Honda көлігінің иесіне айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық ІІД-дің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі пабликтерде жарияланды. Видеоны Алматының жергілікті полиция қызметі сараптаған. Видеода Honda көлігінің иесі апат белгісін қосып, жедел жәрдемді өткізбей тұрғанын көруге болады. 

"Видеоматериал қаралды. Honda тізгініндегі әйел адам тар жолда жедел жәрдемге басымдық бермеген. Оның ойынша, керісінше болуы керек болған. 30 жастағы әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 598-бабы бойынша хаттама толтырылды. Сонымен бірге, жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушімен түсіндіру жұмысы жүргізілді", - дейді Алматы ІІД ЖПҚ басшысы Ерік Насырбеков. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети