Алматыда Beelinе орталығынан 600 адам эвакуацияланды

29 Қаңтар 2018, 16:55
0
Алматыда Beelinе орталығынан 600 адам эвакуацияланды -

Алматыда Beeline техникалық орталығына "жарылғыш зат" орнатылды деген хабарламаға сәйкес 600 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"12:30 шамасында белгісіз абоненттен Алматыдағы Сүйінбай көшесінің бойындағы техникалық орталыққа жарылғыш зат қойылғаны жайлы хабарлама түскен. Біз осы хабарламаны құзырлы органдарға бердік. Олар келді де қызметкерлерді эвакуациялады. Барлық қажетті шараларды жүргізді. Қазіргі уақытта қызметкерлер өз жұмыс орындарына қайтып оралды. Мәлімет расталмады", - деді "КаР-Тел" ЖШС (Beeline бренді) директоры Алексей Бендзь. 

"Ақпаратты жедел әрекет ету органдары тексеріп жатыр", - деді полициядағылар. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай