16 қараша 2021 08:43

Алматыда бес автобустың терезесін сындырған жасөспірімдер жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Автобустың әйнегін таспен сындырған жасөспірімдерді ювенал полиция есепке алды, ал олардың ата-анасына айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Автобустың әйнегін таспен сындырған жасөспірімдерді ювенал полиция есепке алды, ал олардың ата-анасына айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының Алатау аудандық Полиция басқармасына автокәсіпорын басшысы жүгінген. Оның айтуынша, бір ай ішінде белгісіз біреулер №25 бағыттағы бес автобустың әйнегін сындырған.

"Тексеру барысында бұзақылар анықталды. Олар қала мектептерінің бірінің 7 және 9-сынып оқушылары болып шықты. Біздің ауданда тұрады. Балалар әрекеті үшін олардың ата-анасы ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы "Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық" бойынша жауапкершілікке тартылды. Бұл норманың санкциясы 7 АЕК көлемінде айыппұл салуды көздейді", - деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы полковник Ілияс Өмірсеріков.

Жасөспірімдермен және олардың ата-анасымен құқықтық түсіндіру жұмыстары өткізілді.

"Мені Алатау аудандық ПБ-ға шақырды. Біздің автобустардың терезесін сындырған бұзақылар ұсталды. Полиция қызметкерлеріне алғыс білдіремін", - деп нақтылады өз кезегінде автокәсіпорынның өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети