01 наурыз 2024 17:48

Алматыда бетон араластырғыш көлік ірі жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыдағы Сайын көшесінде ірі жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы Сайын көшесінде ірі жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

"Жандосов көшесіне жетпей Сайын көшесінде бетон араластырғыш көлік жүргізушісі жол апатын жасады, оның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген видеоның сипаттамасында.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 12:05-те болған. Алты көлік зақымданған.

"Shacman автокөлігінің жүргізушісі, 1995 жылы туған азамат С., Сайын көшесімен солтүстік бағытта, Жандосов көшесінің оңтүстігінде келе жатып, арақашықтықты сақтамау салдарынан 6 көлікпен соқтығысқан. Бұл факт бойынша қызметкерлер тергеу жүргізіп жатыр. Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінің басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Көліктердің бірінде отырған жолаушы медициналық көмекке жүгінгені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети