24 желтоқсан 2014 10:31

Алматыда бір адам сот шешімінен кейін жүрек талмасынан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

71 жастағы ер адам Алматы қалалық сотында жүрек талмасынан қайтыс болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады. Оның мәліметінше, сот қызметкерлері жедел медициналық жәрдем дәрігерлерін шақырған, олар жүрек талмасына ұшыраған ер адамның өмірін сақтап қалу үшін 40 минут күресті. Бірақ дәрігерлер ер адамды құтқара алмады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қалалық сотындағы оқиға 23 желтоқсанда болды. Арызданушы азаматтық іс бойынша шыққан сот қаулысын тыңдаған соң жүрек талмасына ұшыраған. Ол бұл істе Алматыдағы екі бөлмелі пәтерден айырылып қалды. Айта кетейік, талапкер ертеректе бұл пәтерді өз ұлы мен немересіне теңдей етіп берген екен. Пәтерде оның баласының бұрынғы әйелі екі баласымен бірге тұрып жатқан. Сыйға тартушы сотқа түсірген шағымында келіні мен оның екі баласының баспананы босатуын талап еткен.

Түрксіб аудандық соты оның талап арызын қабылдамады. Сот ер адамның сыйға тарту келісімшартын үзу және пәтерге иелік ету құқығы тіркеу туралы өтінішін жарамсыз деп тауып, әйелдің кәмелетке толмаған бала мүддесіне деген талабын қанағаттандырды. Алматы қалалық сотының апелляциялық соты да Түрксіб аудандық сотының осы іс бойынша шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот қызметкерлерінің мәліметінше, ер адам жүрек талмасына ұшырамай тұрған кезде көп уақыт бойы жүрек-қан тамырлары ауруымен ауырған. Қайтыс болған адамға 2011 және 2014 жылдары кардиологиялық операция жасалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети