03 желтоқсан 2014 11:33

Алматыда бір ер адам өзін-өзі өртемек болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Территория происшествий" ©"Территория происшествий"

Алматыдағы "ТигроХауд" сауда үйінде бір ер адам өзін-өзі өртемек болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Оқиға 2 желтоқсан күні Абай және Алтынсарин даңғылдарының қиылысындағы сауда үйінде болды.

Ер адам сауда үйінің кеңсесіне кіріп, өзіне өзгелер жақындамайтындай етіп, жолды бөгеп тастаған. Содан кейін үстіне және айналасына өзімен бірге алып келген канистрден жанармай құйған. Ол мұндай әрекетке не себеп болғанын айтпады. 

Сауда үйіне қаланың барлық шұғыл әрекет ету қызметі келді. "ТигроХауд" қызметкерлері мен орталыққа келушілер эвакуацияланды. Өртке қарсы қызмет ер адам қамалып алған кеңсе терезесіне бірнеше гидрантты тақап, өртті сөндіруге дайын тұрды. Оқиға орнында "жедел жәрдем" бригадасы мен полицияның 50-ге жуық өкілі кезекшілік атқарды. Біршама уақыттан соң ер адам құқық қорғау органдары қызметкерлеріне беріліп, өзін-өзі өртемек болған ойынан қайтты. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети