1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда бүлікшілер қолынан қаза тапқан ҰҚК курсантының денесі туған жеріне жеткізілді кеше, 23:13

Алматыдағы теракт кезінде қаза тапқан ҰҚК Шекара академиясының курсанты Мейірхан Бітімнің денесі 9 қаңтарда Ақтауға жеткізілді. Бұл туралы Маңғыстау
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Алматыдағы теракт кезінде қаза тапқан ҰҚК Шекара академиясының курсанты Мейірхан Бітімнің денесі 9 қаңтарда Ақтауға жеткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, оның жарқын бейнесі маңғыстаулықтардың мәңгі есінде қалатынын жеткізді.

"Мейірхан Ержанұлы Отаны үшін жанын қиды. Ол террористер қолынан қаза тапты. Ол бар болғаны 19-да еді. Бұл қайғылы хабар бәріміздің көңілімізге қаяу салды. Мәңгі есімізде қалады. Ата-анасы мен жақындарына сабыр берсін", - деді облыс әкімі.

 

Мейірхан Бітім - Ақтаудағы №11 мамандандырылған физика-математика бағытындағы гимназия түлегі. Алматыдағы ҰКҚ Шекара академиясында 2-курста оқыған. Марқұмның жерлеу рәсімі 10 қаңтарда өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram
АЗА ТҰТУ