15 сәуір 2021 11:04

Алматыда Daewoo Nexia көлігі Gelandewagen-ді аударып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Алматыда жол-көлік оқиғасы болды. Daewoo Nexia жеңіл автокөлігі Mercedes-Benz Gelandewagen жол талғамайтын көлігін аударып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жол-көлік оқиғасы болды. Daewoo Nexia жеңіл автокөлігі Mercedes-Benz Gelandewagen жол талғамайтын көлігін аударып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 14 сәуірде түнде Байзақов пен Мақатаев көшелері қиылысында болған. Апат болған жерден түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды. Видеодан Gelandewagen-ның аударылып жатқанын көруге болады. Айналасында бірнеше полиция және жедел жәрдем көлігі бар.

Желі қолданушылары жеңіл автокөліктің жол талғамайтын көлікті соғып, аударып тастағанына таңданған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КрисПи | Алматы | 21+ (@kris.p.original)

Полиция мәліметі бойынша, жол апаты 23.00 шамасында Nexia жүргізушісінің кінәсінен болған.

"Жеңіл көлік Мақатаев көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Байзақов көшесінің қиылысында екінші көшеден шыққан жүргізушіге жол бермей, Mercedes-Benz G-500 көлігімен соқтығысқан. Жүргізуші түрлі дене жарақатымен №4 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция майоры Олжас Шәріпов.

Оның айтуынша, анықталған факт Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен өндіріске қабылданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети