04 желтоқсан 2014 12:34

Алматыда дипломатиялық нөмірі бар автокөлік жол-көлік оқиғасына себеп бола жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©youtube.com кадры ©youtube.com кадры

Интернетте Алматыда дипломатиялық нөмірі бар автокөліктің жол-көлік оқиғасына себеп бола жаздағаны түсірілген бейнеролик жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Интернетте Алматыда дипломатиялық нөмірі бар автокөліктің жол-көлік оқиғасына себеп бола жаздағаны түсірілген бейнеролик жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейнеролик "ОСА" қоғамдық ұйымының сайтында жарияланды. Одан бейнетіркегіші іске қосылған автокөліктің әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта, жолдың орталық бөлігінде қозғалып келе жатқанын көруге болады. Фурманов көшесіне таяғанда дипломатиялық нөмірі бар Hyundai Santa Fe көлігі жүргізушінің жолын бөгейді. Ол өзінің оң жақ жолағын тастап, жолды бөлетін жалпақ желіні кесіп өтпек болады, сөйтіп, жол-көлік оқиғасын туғыза жаздады. Бейнероликке қарағанда, жүргізушілер өзара ұрысып қалады. 

Бұдан соң жүргізушілер тарқасады, бірақ бірнеше метр ұзағаннан кейін дипломатиялық нөмірі бар көліктің жүргізушісі тіркегіші бар көлікті қуып жетіп, оны жолдан тықсыруға тырысады, кейін тіпті жол бермей, аялдап тұрып алады. 

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға міндетті түрде назар аударуы және халықаралық заңнамаға сай шаралар қолдануы керек деп есептейміз", - делінген "ОСА" сайтында. Tengrinews.kz тілшісіне Сыртқы істер министрлігі мұндай жағдайларға қалалық ІІД әрекет етуі керектігін айтты. Полиция өкілдері болса, дипломатиялық нөмірі бар автокөліктің Алматыда жол-көлік оқиғасын туғызбақ болғаны түсірілген бейнероликтің тексеріліп жатқанын хабарлады.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети