Дәрігерлер Алматыда бетпе-бет соқтығысқан автобус жолаушыларының жай-күйі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дәрігерлер Алматыда бетпе-бет соқтығысқан автобус жолаушыларының жай-күйі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабековтың айтуынша, 21 адам зардап шеккен, оның ішінде үшеуі бала. 16 адам дәрігер байқауынан кейін босатылды, 5-еуі ауруханаға жатқызылды. Балалар ауруханаға жатқызылмады.
Бес науқастың үшеуі қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді, екеуі орталық қалалық клиникалық ауруханада. Науқастардың бірі - 46 жастағы ер адамға ота жасалды. Ол іш жарақатын алған. Қазіргі уақытта ол профильді бөлімінде.
"Жансақтау бөлімінде науқас жоқ. Жарақаттардың сипаты негізінен бас сүйек-ми зақымы, жара, аяқ-қол жұмсақ тіндерінің көгеруі. Ең кішкентай науқас 6 жаста, ең үлкені 60-та", - деді Исабеков.
Еске сала кетейік, 2018 жылы 22 шілдеде екі автобус бетпе-бет соқтығысып қалған еді. Жол апаты таңертең Достық даңғылының бойында Құрманғазы мен Абай көшелерінің ортасында, Қазақстан қонақүйіне қарама-қарсы жерде болды. № 12 бағыттағы екі автобус соғылды.
Оқиға орнына 10 жедел жәрдем тобы қатысты.
"Алматыэлектркөлік" ЖШС басшысы Ризван Тынаевтың айтуынша, апаттың мән-жайлары тергеу аяқталғаннан кейін жарияланады. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші қол тежегішін салмаған. Оның айтуынша, соқтығысқан автобустар жаңа болған.
Зардап шеккен жолаушыларға өтемақы төленеді.