Алматыда тұрғын үй кешені аумағында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары кезінде төтенше жағдай болды. Екі жұмысшыны ток соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, ер адамдардың үстіндегі киімдері тұтанып кеткен, біреуі есінен танып қалған. Зардап шеккендерге дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.
Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасы мәліметінше, қабылдау бөліміне шақырту 22 мамырда сағат 13:05-те түскен. Ауруханаға екі ер адам жеткізілді. Екеуінде де ІІ–ІІІ дәрежелі көптеген күйік анықталған.
"Науқастар анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне (АРҚТБ) жатқызылды. Барлық қажетті қарқынды терапия жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!