24 наурыз 2022 16:13

Алматыда ер адам көлік ұрлап, жол апатына түсті. Бір адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Алматыда мас күйдегі ер адам көлік ұрлап, жол апатына түсті, салдарынан бір жолаушы қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда мас күйдегі ер адам көлік ұрлап, жол апатына түсті, салдарынан бір жолаушы қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Хмельницкий мен Гете көшелері қиылысында Toyota Land Cruiser Prado мен Jeep Grand Cherokee соқтығысқан.

"102" пультіне Toyota Land Cruiser Prado көлігінің ұрланғаны туралы ақпарат келіп түсті. Жүргізуші көлігін Сейфуллин даңғылы бойына қойғанын хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 20 жастағы А. есімді шаһар тұрғыны болып шықты", - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Камералардан ұрланған көлік асқан жылдамдықпен жүргені анық көрінеді.

"Апат салдарынан Grand Cherokee көлігіндегі 19 жастағы жолаушы ауруханада қаза болды, ал жүргізуші әлі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Toyotа жүргізушісі жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Ол мас болғаны анықталды", - деді Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық әрекетті құжаттандыру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бірден Қылмыстық кодекстің үш бабы ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі, ҚР ҚК-нің 347-бабы және ҚР ҚК-нің 200-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол бұрын екі рет сотты болған екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети