05 тамыз 2022 12:53

Алматыда ер адам пойыздың төбесіне отырып үйіне жетпек болған

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Tengrinews Көрнекі сурет: Tengrinews

Ер адам Алматы-2 станциясында пойыздың төбесіне шыққан. Оқиға видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ер адам Алматы-2 станциясында пойыздың төбесіне шыққан. Оқиға видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда Алматы-Орал бағытындағы жолаушылар пойызы вагонның төбесінде ер адам жатқанын көруге болады.

Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 24 шілде сағат 22.45-те болған. "Алматы-1" станциясындағы кезекші бөлімшеге "Алматы-2" станциясынан "Алматы-Орал" пойызының машинисінен вагонның төбесіне шығып, жатып алған ер адамның кесірінен пойыз шұғыл тоқтатылғаны туралы хабарлама түсті.

"Пойыз тоқтағаннан кейін көлік полицейлері құқықбұзушыны акт бойынша вагонның төбесінен түсірді. Тексеру барысында Батыс Қазақстан облысының 47 жастағы тұрғыны анықталды. Жауап алу барысында ер адам билет алуға ақшасы жоғын айтып, пойыздың төбесінде жатып, үйіне жетуді ұйғарған", - деді полиция.

Ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабы ("Темiржол көлiгi құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша 5 АЕК (15 900 теңге) көлемінде айыппұл салынды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети