26 қыркүйек 2014 16:17

Алматыда ескі автобустары бар қойма өртеніп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Denis Kuklin© Denis Kuklin©

Алматыда есептен шығарылған автобустары бар қойма өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда есептен шығарылған автобустары бар қойма өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әзірше бес ескі автобус кузовының өртеніп жатқаны белгілі, олар әлдеқашан есептен шығарылып, металл сынықтары ретінде тапсырылған. Оқиға орнында жүрген СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы тілшісінің хабарлауынша, өрт Рысқұлов даңғылының Бөкейханов және Қазыбаев көшелерімен қиылысатын аралығындағы "Қазвторчермет" АҚ кәсіпорнындағы қоймадан шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 200 шаршы метр ауданды шарпыған. Оқиға орнында 14 өртсөндіру техникасы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Қою қара түтін қаланың кез келген жерінен көрініп тұр.

Фото Denis Kuklin©

Мұның алдында Құлжа күрежолы ауданында өрт болған еді. Рысқұлов көшесі, 1-үй мекенжайындағы GALAKSI GROUP компаниясына қарасты қоймалар өртенді, компания құрылыс материалдарын және поливинилхлорид өндірумен, пластик құбырлар және металл материалдар сатумен айналысады. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 650 шаршы метр аудан өртенді. Оқиға орнында 14 техника жұмыс істеді. Сонымен бірге, өртті сөндіруге жеке құрамның 81 өкілі қатысты.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети