"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері Алматыдағы Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында кезекте тұрып қайтыс болған 50 жастағы ер адамның оқиғасына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері Алматыдағы Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында кезекте тұрып қайтыс болған 50 жастағы ер адамның оқиғасына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін, 2017 жылғы 16 қаңтарда Алматы қаласының Алатау аудандық ХҚКО-сында қайғылы жағдай орын алғандығын, дәлірек айтсақ 1964 жылы туған азамат Жарас Нуркибайұлы Кунтаковтың қаза болғанын хабарлаймыз. Жарас Нуркибайұлы сағат 09.30-да ХҚКО-ға әйелімен бірге "Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу" қызметіне жүгінген, ол кезде ХҚКО-да адам саны көп болмаған. Әйелі бланк толтырып болғанша, біріңғай электрондық кезек талонын алып үлгермеген азамат, сағат 09.42-де өзін жайсыз сезінген, сол кезде ХҚКО-да кезекшілік атқарып отырған медицина қызметкері жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсеткен болатын. Сағат 9.52-де жедел жәрдем қызметі келді, бірақ Жарас Нуркибайұлын құтқарып қала алмады. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Жарас Нуркибайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген ресми мәлімдемеде.
Сонымен қатар, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы созылмалы аурумен ауыратын азаматтарға халыққа қызмет көрсету орталықтарына қарбалас кезде келмеуді кеңес етіп отыр. "Сондай-ақ, жүкті әйелдер мен мүгедектігі бар азаматтарға ХҚКО-ларды жеңілдік терезелері жұмыс істейтінін және 1-2 топ мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі азаматтар ХҚКО қызметкерлерін 1414 нөмірі арқылы үйіне шақыра алатындықтарын естеріңізге саламыз", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері.
Еске салайық, оқиға бүгін, таңғы 10.00 шамасында болған. Куәгерлердің бірінің айтуынша, 50 жастағы ер адам уақытша тіркеу бойынша кезекте тұрған. Бір сәтте ол құлап түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, оның жүрегі сыр берген.
Куәгер жолдаған видео
Еске салайық, осыған дейін де мұндай жағдай Алматы облысында ХҚКО-сында болған. Боралдай ауылынан таңғы уақытта ХҚКО-ға келген 59 жастағы ер адам III топтағы мүгедек мекемеден шығып, көлігіне отырған кезде жүрегі тоқтап қалған.