16 қаңтар 2017 10:21

Алматыда халыққа қызмет көрсету орталығында кезекте тұрған ер адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында 50 жастағы ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы орталыққа барған куәгерлер хабарлады.


Алматыдағы Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында 50 жастағы ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы орталыққа барған куәгерлер хабарлады.

Сөйтсек, оқиға бүгін, таңғы 10.00 шамасында болған. 

Куәгерлердің бірінің айтуынша, 50 жастағы ер адам уақытша тіркеу бойынша кезекте тұрған. Бір сәтте ол құлап түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, оның жүрегі сыр берген. 


Куәгер жолдаған видео

Оқиға орнына жедел жәрдем келді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, осыған дейін де мұндай жағдай Алматы облысында ХҚКО-сында болған. Боралдай ауылынан таңғы уақытта ХҚКО-ға келген 59 жастағы ер адам III топтағы мүгедек мекемеден шығып, көлігіне отырған кезде жүрегі тоқтап қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети