13 сәуір 2016 12:52

Алматыда иттер үш жасар қызды талап өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© zabmedia.ru © zabmedia.ru

Алматыдағы "Ақбұлақ" ықшамауданында иттер үш жасар қызды талап өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.


Алматыдағы "Ақбұлақ" ықшамауданында иттер үш жасар қызды талап өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, оқиға жайлы хабар Жедел әрекет ету орталығына 10.21-де түскен. "Жедел-тергеу тобы оқиға орнына барғанда 2013 жылғы қыздың атасы немересінің үй ауласында ойнап жүріп, иттерге таланған. Бұл дерек Алатау аудандық ІІБ-де тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалады. Тергеудің қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылады", - деді ол.

Мал дәрігерлік орталығының директорының орынбасары Жылкелді Тілесбаев қазіргі уақытта Ақбұлақ ықшамауданында қаладағы сегіз ит аулаушылар бригадасының төртеуінің жұмыс жасап жатқанын хабарлады. Ол әр бригаданың құрамында үш қызметкердің барын айтты. "Жергілікті тұрғындар мұнда иттердің жүретінін растап отыр. Бірақ территория үлкен, бос қалған, қоқыс жиналған. Әрине, иттер жиналады. Иттерді аулаймыз", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети