Алматыда жарыс ұйымдастарған № 106 автобус жүргізушілері жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бұл оқиға 10 қарашада шамамен сағат 12.30-да Абай даңғылының бойында "Магнум" сауда кешеніне қарсы жерде болған. Куәгер оқиғаны видеоға түсіріп алған.

Жол бойында жарыс ұйымдастарған автобустардың "Тегіс Транс" компаниясына тиесілі екені анықталды. "Жол ережесін өрескел бұзып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, салдарына көлік қозғалысына кедергі келтіргені үшін шу шыққан. 176BU 02 мемлекеттік нөмірі бар Mercedes Bens маркалы автобусты басқарған Ибрагимов Асхат Советұлын 2016 жылдың 10 қарашасында жұмыстан босатылсын. 053 КАА 01 нөмірі бар Mercedes Bens маркалы автобусты басқарған Жәнібеков Нұржанмен 2016 жылдың 10 қарашасында келісімшартты бұзу, сондай-ақ оны автопарктердің қара тізіміне енгізу", - делінген компания директорының қолы қойылған бұйрықта.
Еске сала кетейік, осыған дейін жарысқан екі автобустың батыс бағытта Сайын көшесінен Момышұлы көшесіне қарай жүріп бара жатқаны айтылған болатын. Куәгер бір автобустың арнайы жолақпен жүргенін атап өтті. "Екеуі Сайын көшесінен бастап жарыса бастап, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрса да, өтіп кетті. Видеода бір жаяу жүргіншінің автобустардан бұрын жолдан өтіп үлгергені көрінген. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ", - деді куәгер.